14:27, 02 Маусым 2017 | GMT +5
Елбасы Түркия Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпенді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан Президенті Түркияның бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі екенін атап өтті.
- Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде біздің өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, - деді Мемлекет басшысы.
Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді.
- Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, - деді Түркия Премьер-Министрінің орынбасары.