Елбасы Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджет қызметкерлерінің жалақыларын ұлғайту жөніндегі уәдесін міндетті түрде орындауы тиістігін айтты

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджет қызметкерлерінің айлық жалақыларын ұлғайту жөніндегі уәдесін міндетті түрде орындауы тиістігін айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджет қызметкерлерінің айлық жалақыларын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндеттемелері толық көлемде сақталатынына кепілдік беруі тиіс», деді Президент. Елбасы 2010 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің айлығы және студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға, 2011 жылы тағы 30 пайызға ұлғаятынын атап көрсетті. «2010 жылы зейнетақының орташа мөлшері 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға өседі. Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері күнкөріс минимумының 50 пайызына дейін өсетін болады», деді Елбасы.«Сонымен қатар мемлекет оқу ақыларын төлеулері үшін студенттерге қолдау көрсетіп жатыр. Мемлекет суденттер үшін қосымша 11 мың гранттар мен 40 мың студентке несие бөлінді», деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар