Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация қажеттілігі үшін кемінде 16 тікұшақ жасауды тапсырды

АНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елбасы Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация қажеттілігі үшін кемінде 16 тікұшақ жасауды тапсырды.

Елбасы Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация қажеттілігі үшін кемінде 16 тікұшақ жасауды тапсырды

Президент бұл тапсырманы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жүктеді.

Медициналық кешенді автоклиникалар санын 50 бірлікке жеткізу қажеттігін, әрі олардың өндірісі Қазақстанда жүзеге асуы тиістігін баса айтқан Елбасы: «Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация қажеттілігі үшін кемінде 16 тікұшақ жасауды тапсырамын», - деді.

Сондай-ақ Елбасы жол бойындағы медициналық құтқару бекеттерін құру мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл орайда аталған бекеттерді республикалық маңызды жолдардың қауіпті аймақтарында орналастыру қажеттігін атап өтті. «Төтенше медициналық көмек қызметі көпбейінді ұтқыр, яғни аэроұтқыр қажеттіліктермен жабдықталуы тиіс. Бұл шаралардың мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқаратынына сенімдімін», - деді ҚР Президенті.