Елбасы Үкіметке шағын және орта бизнес кәсіпорындарының салықтық жүктемелерін қайта құрылымдауды тапсырды
Елбасы бұл тапсырманы бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің 1-ші жалпы тырысында берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұны созбай, мұқият қарау қажет. Кәсіпорындар біздің еліміздің азаматтарын жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырғанын ескеріп, мынадай қиын кезеңде мемлекет оларды тағдыр тәлкегіне тастамауы тиіс», деді отырыста Н. Назарбаев.
«Алайда,- деп атап көрсетті Президент, - кәсіпорындар үшін критерийлер анағұрлым қатаң болуы тиіс. Салықтық жүктемелері қайта құрылымдалатындар шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары болуы тиіс. Үкімет жұмысты дұрыс ұйымдастыратын болса өмірге қабілетті, жауапты, ашық қазақстандық кәсіпкер Қазақстанның игілігі үшін өзінің жұмысын жалғастыруға қажетті қолдауға ие болады», деді Президент.