17:25, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Елбасы ұялы байланыстың желісін жоғары деңгейге шығаруды тапсырды
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасы Астанада ұялы байланыстың желісін жоғары деңгейге шығаруды тапсырды. Бұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа байланысты өткен кеңесте жүктеді.

Осы орайда Президент ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне шетелден келетін қонақтарда еліміз аумағында роуминг байланысы бойынша проблемалар болмауы тиіс екендігін атап өтті.
Елбасының пайымдауынша, ұялы байланыс бүгінде тиісті деңгейде емес, сондықтан бұл мәселені шешуге кірісу шарт.