08:50, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Елбасы Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді
АНА-АҚОРДА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қыркүйектің 3-індегі №862 Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді. ҚазАқпарат Жарлықтың мәтінін жариялайды.
ҚР Президентінің Жарлығы
Ақмола облысы Щучье ауданының атауын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық орналасуы туралы» 1993 жылғы желтоқсанның 8-індегі ҚР Заңының 9-бабына сәйкес және Ақмола облысы жергілікті атқару және өкілетті органдарының пікірлерін ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, қыркүйектің 3-і, №862