Елбасы Жарлығымен үздік қызметкерлерге мемлекеттік наградалар берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытуда үздік жетістікке жеткен қызметкерлерді ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Елбасы Жарлығымен үздік қызметкерлерге мемлекеттік наградалар берілді

«ҚазАқпарат» ХАА құжат мәтінін оқырман назарына ұсынады.

***

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

        ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Бәйменова Құралай Базарбайқызы - «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы

Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы - «Шәушен» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы

Соловьева Алина Робертовна - «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Шымкент қаласы.

 2.      Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                          Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 желтоқсан

                 № 798