Елбасы жедел-іздестіру қызметін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды
АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған Заң жедел-іздестіру қызметін жетілдіруге, оның қылмыспен күресте тиімділігін арттыруға, прокуратура органдарына алдын ала тергеу өндірісіне құқық беруге бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.