Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Жолдауы жастарға да жарқын жол ашып отыр

ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауы жастарға да жарқын жол ашып отыр. Әсіресе, қазіргідей дағдарыс жағдайында мемлекет тарапынан жастарға жасалып отырған қамқорлықтың мәні ерекше.

Елбасы Жолдауы жастарға да жарқын жол ашып отыр
Бұл туралы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде өткізілген дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық жастар мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысқан басқосуда Елбасы Жолдауына сәйкес үздік оқитын студенттердің грант пен несиеге қол жеткізе алатындығы атап өтілді. «БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары Манарбек Әжкенов ЖОО түлектерінің диплом алғаннан кейін жұмыспен қамту органына есепке тұра алатынын, сондай-ақ қауымдастық жанында психологиялық, заңгерлік, экономикалық мәселелер бойынша кеңес беретін қызметтер жұмыс істейтінін жеткізді.