Елбасы Жолдауын насихаттап, жүзеге асыруға жастар да белсенді араласуы тиіс

ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауын насихаттап, жүзеге асыруға жастар да белсенді араласуы тиіс.

Елбасы Жолдауын насихаттап, жүзеге асыруға жастар да белсенді араласуы тиіс
Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық жастар мәслихатының сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, шағын бизнес өкілдері, студенттер бас қосқан жиында сондай-ақ «Жастар тәжірибесі» жобасының орындалуы, жастардың дінге көзқарасы, биылғы студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру, қаланың тазалық айлығына қатысу мәселелері де талқыланды. Орал қаласы әкімінің орынбасары Талғат Нығметовтің айтуынша, қалада 25 жастар қоғамдық бірлестігі тіркелгенмен, олардың бәрі бірдей белсенді жұмыс жасап жүрген жоқ. Жастар ұйымдары ұсынған жобаларды жүзеге асыру мақсатында қалалық бюджеттен 5 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ өткен жылы жастар бірлестіктері бастамасымен студенттер жеңілдетілген жолақымен жүруге мүмкіндік алды. Мұны енді жүйелі түрде бір ізге түсіру қажет.