Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Жолдауына орай ауыл-аймақта да оң өзгерістер болмақ - А.Ихласова, БҚО

ОРАЛ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасымыздың кезекті Жолдауында қай салаға болсын қатысты маңызды ойлар айтылды.

Елбасы Жолдауына орай ауыл-аймақта да оң өзгерістер болмақ - А.Ихласова, БҚО

Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын нығайту жолына бағытталған әлеуметтік жаңғырту және жаңа әлеуметтік саясат мәселесін алға қойды. Бұл ауылдық жерде тұратын тұрғындар үшін де маңызды. Бұл туралы Қазталов ауданынан жас маман Арайлым Ихласова мәлім етті.

Оның айтуынша, сондай-ақ Елбасы өз сөзінде «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиістігін атап көрсетті. 2020 жылға қарай 12 жылдық оқу үрдісіне толықтай көшетіндігіміз, жұмыссыздықтың азаюы, ауылдық жерлердегі инфроқұрылымдардың жақсартылуы, «Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасында жоспарланғанындай, 2012 жылға қарай зейнетақы, еңбекақы мен шәкіртақылардың орташа көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе көбеюі, жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы баянды болашақтың кепілі болатыны анық. Алдағы уақытта осы мәселелердің жүйелі шешілуі көптеген қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Бұл ретте жастарға да даңғыл жол ашылып отыр. Мәселен, «Дипломмен - ауылға» жобасына сәйкес жас мамандар ауылдық жерде тұрақтап, жұмыс жасап жатыр. «Өз басым халқымыздың тыныштығы мен оңды өзгерістерді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен тікелей байланыстырамын және «2011 жыл - Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» болып жарияланған биылғы екпінді жылда игі ниетіміздің нәтижелі болатындығына сенемін», - деді А.Ихласова.