Елбасы Жолдауына сәйкес халықты жұмыспен қамтуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып отыр

ОРАЛ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауына сәйкес халықты жұмыспен қамтуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып отыр.
None
None
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Баянбек Ғұмаровтың ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, дағдарысқа қарсы шаралар бұдан былай да жалғасатын болады. Мәселен, жұмыс орындарын негізсіз қысқартпау мақсатында қала әкімдігі 35 ірі кәсіпорынмен ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатын. Егер қысқартылатын жағдайда қызметкерлерге қайта оқуға мүмкіндік беріледі. Бұған бюджеттен биылға 58 млн. 28 мың теңге қаралған. Сол секілді әлеуметтік жұмыс орындары да ашылуда. Яғни адамдар жалақысының 50 пайызын мекемесі төлейтін болса, қалған жартысы әлеуметтік қорғау есебінен беріледі. Бұл ретте зейнетақы жасына жақын қалған немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар, жазасын өтегендер ұмыт қалмайды. Осы бағытта да кәсіпорындармен келісім жасалуда. Бұған облыстық бюджеттен 56 млн. 529 мың теңге бөлінген болатын. Енді Елбасы Жолдауына орай қаржыландыру артып, қосымша жұмыс көздері де көбейетін болады.
Соңғы жаңалықтар