Елбасы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына объективті сараптама жасалған - Е.Тілеуов
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына объективті сараптама жасалған.
Бұл пікірді бүгін Астана қаласының әкімдігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау барысында «Астанаэнергосервис» компаниясының басшысы Ербол Тілеуов білдірді.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында таяу онжылдыққа жаңа міндеттер жүктегендігін әрі ол ауқымды жұмыс екендігін баса айтқан ол: «Әрине, ең маңызды мәселелердің бірі біздің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында жайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру болып отыр», - деді.
Оның атап өтуінше, Елбасы өз Жолдауында Қазақстан инвестиция үшін өңірлердің тартылыс орталығына айналуы қажеттігіне баса назар аударды.
«Біздің еліміз инвестиция үшін де, технологиялар трансферті үшін де Еуразиядағы тартымды орынға айналуы қажет», - деді Е.Тілеуов.