10:00, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Елбасымен «тікелей желі» сайтында қазақстандықтардың сауалдарына берілген жауаптар жариялануда
А. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстан Республикасының Президентімен болған «тікелей желінің» сайтында (www.line.gov.kz) қазақстандықтардың сауалдарына берілген жауаптар жариялануда.
Шараға қатысқан азаматтар, сауалдарын жолдаған кезде оларға берілген сәйкестік нөмірлері бойынша, Елбасының немесе олардың кейбір сауалдары жолданған министрліктер мен агенттіктердің басшыларының жауаптарымен таныса алады.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасымен «тікелей желі» қарашаның 13-інде «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары мен «Қазақ радиосының» тікелей эфирлерінде өткен болатын. 2 сағат 50 минуттың ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы азаматтардың 50-ден астам сауалдары мен өтініштеріне жауап берді.