Елбасымыз Ата Заңымыздың кепілі және нағыз демократиялық тұлға ретінде бұрын әлемдік саясатта болмаған тарихи қадам жасады - Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - «Бүгін Елбасымыз Ата Заңымыздың кепілі және нағыз демократиялық тұлға ретінде бұрын әлемдік саясатта болмаған тарихи қадам жасады»,

Елбасымыз Ата Заңымыздың кепілі және нағыз демократиялық тұлға ретінде бұрын әлемдік саясатта  болмаған тарихи қадам жасады - Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин

деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

«Еліміздегі 5 миллионнан астам халқымыздың, сонымен бірге, Парламентіміздің, бүкіл азаматтық қоғамның референдум өткізу туралы бастаманы қолдауына қарамастан, Елбасымыз кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді Президентіміз қазіргі өкілеттігі екі жылға қысқаратынына да қарамастан қабылдап отыр. Сондықтан осы өте маңызды қадам - Президентіміздің әрқашанда мемлекетіміздің, еліміздің мүддесін бәрінен де жоғары бағалайтынын, Конституциялық және демократиялық принциптерге өзінің адалдығын тағы да көрсетті», деді ол Елбасының бүгінгі үндеуіне қатысты берген сұхбатында.