Елбасымыздың қайта сайлануы - халық сенімінің айқын көрінісі - Ж.Қожжанов, БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасымыздың қайта сайлануы - халық сенімінің айқын көрінісі. Бұл туралы кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімін көріп, одан айрықша әсер алғанын жеткізген БҚО мүгедектері ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов мәлім етті.

Елбасымыздың қайта сайлануы - халық сенімінің айқын көрінісі - Ж.Қожжанов, БҚО

Оның айтуынша, елімізді шаршамай-талмай алға бастап, бүкіл толағай істерге ұйытқы болып келе жатқан Елбасымызға халықтың тағы да сенім артуы әбден орынды.

«Соңғы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тындырылған оңды нәтижелердің бәрін біз Елбасы есімімен байланыстырамыз. Алда сондай биік табыстарға қол жеткізетініміз анық. Мемлекет басшысы ұсынған бес реформаның біреуі «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет» деп аталады.

Ал кез келген осы заманғы мемлекет азаматтарының әлеуметтік жағынан қорғалуға мұқтаж бөлігін қамқорлықсыз қалдырмайды. Соңғы үш жылда мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, олардың денсаулығына көңіл бөлу, басқа да мұң-мұқтажына назар аударылып, талай іс тындырылды. Келешекте де тындырылары анық. Олай болса, алдағы жылдары да осы жаңғыртулардың жақсылығын көрерімізге сенім мол», - деді Ж.Қожжанов.