13:16, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Елбасының биік беделі арқасында «ЭКСПО-2017» көрмесін Қазақстанда өткізуге мүмкіндік туып отыр - З.Мусина, БҚО
ОРАЛ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жиырма жылға жуық кәсіпкерлікпен айналысқан кезде Елбасымен бірнеше рет жүздестім.

Бұл кездесулердің қай-қайсысы да, әрине, менің жадымда. Бұл туралы батысқазақстандық кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Зинадбану Мусина мәлім етті.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміз үшін сын сағатта ел тізгінін ұстады. Соған қарамастан тығырықтан шығатын ең дұрыс жолды тауып, Қазақстанды әлем таныған елдердің қатарына қосып отыр.
«Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында елдегі шағын бизнес аяғынан тік тұрып, халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесін Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданғанда, Елбасымыздың биік беделі ескерілгендігі даусыз. Сондықтан кәсіпкерлер ұдайы Президенттің командасында, өйткені ұлт көшбасшысы - ырыс-ынтымақтың ұйытқысы», деді З.Мусина.