Елбасының «Дағдарыстан - дамуға» атты халыққа Жолдауы талқыланды
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Облыстық ішкі саясат басқармасы «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы облыстық филиалымен бірлесе отырып өткізген жұртшылықпен кездесуде Елбасының «Дағдарыстан - дамуға» атты халыққа арнаған Жолдауы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Филиал кеңсесінің конференц -залына жиналған депутаттық корпус, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар, ұлттық мәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері Жолдау аясында қолға алынып жатқан игілікті істер, алдағы күнде шешімін күткен мәселелер турасында толыққанды ақпарат алды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік үйлестіру, энергетика және коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, білім беру басқармалары мен облыстық мәслихат тексеру комиссиясының басшылары мен лауазымды қызметкерлері Жолдауды жүзеге асыруға қатысты деректер, жобалар, іс -шаралар турасында мағлұмат беріп, өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде кездесуге жиналғандар бірқатар сауалдарына жауап алып, пікірлерімен бөлісті. Сол ретте оқушылардың жазғы еңбек жасақтары, саяжайлар, ауылдық жерде дағдарысқа қарсы бағытталған шаралар, облыс орталығы төңірегіндегі азық-түлік белдеуіне атсалысу әңгіме арқауына айналды.