Елбасының қатысуымен 9 желтоқсанда индустриялық жобаларды іске қосуға арналған телекөпір өтеді

ТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасының қатысуымен 9 желтоқсанда индустриялық жобаларды іске қосуға арналған телекөпір ұйымдастырылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында индустриялық жобаларды талқылау барысында мәлім болды.

Елбасының қатысуымен 9 желтоқсанда индустриялық жобаларды іске қосуға арналған телекөпір  өтеді

«Министрлік тиісті органдармен бірлесе индустрияландыру күнін өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл шараны «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оны өткізу шамамен 2011 жылдың 9 желтоқсанына белгіленуде»,-деді Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде тікелей эфир барысында іске қосылатын жобалардың тізімі жасалған. Сонымен қатар аталған телекөпір барысында «Алтын сапа» және бизнестің жауапкершілігі саласындағы «Парыз» дәстүрлі сыйлықтары тапсырылады.