Елбасының қатысуымен Астанада жаңа электровоз шығаратын зауыт іске қосылды

«Осымен 2,5 жылдың ішінде елімізде жаңадан 550 кәсіпорын құрылды, жаңа сапамен жұмыс істейтін жүздеген жұмыс орындары ашылды. Бүгін біз тағы да Қазақстан үшін аса маңызды оқиғаның куәгері болып отырмыз. Біз елімізде электровоз шығаратын жаңа зауыттың құрылысын іске қостық», -деді салтанатты жиын барысында Елбасы Н.Назарбаев.
Тоқтала кететін жайт, зауыттың құрылысына жұмсалған инвестиция ауқымы 50 млн. еуроны құраған. Оны басқару «ЭКЗ» компаниясы арқылы жүзеге асса, бұнда «Қазақстан темір жолы ҰК» «Трансмашхолдинг» пен «Альстом» компанияларының да үлесі бар. Зауыт жобалық қуаты бойынша жылына 50 екі секциялық электровоз шығаруға жобаланған.
Аталған нысанның ашылу салтанатына «Қазақстан темір жолы ҰК» президенті А.Мамин, «Альстом» компаниясының президенті Патрик Крон және «Альстом-транспорт» компаниясының басшысы Анри Пупар-Лафарж қатысты.