Елбасының «Мәңгілік ел» бастамасы бүкіл халықты биік мақсатқа, ортақ мүддеге біріктіретін ұлттық идеяға айналды - С.Ахметов

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасының «Мәңгілік ел» бастамасы бүкіл халықты биік мақсатқа, ортақ мүддеге біріктіретін ұлттық идеяға айналды.

Елбасының «Мәңгілік ел» бастамасы бүкіл халықты биік мақсатқа, ортақ мүддеге біріктіретін ұлттық идеяға айналды - С.Ахметов

Бүгін Үкімет отырысын ашқан ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай деді.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің ұзақмерзімді даму жолын - Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың бағыт-бағдарына нақты тапсырма берді. Елбасының «Мәңгілік ел» бастамасы бүкіл халықты биік мақсатқа, ортақ мүддеге біріктіретін ұлттық идеяға айналды. Сондықтан осы жолда аянбай еңбек ету - баршамыздың басты парызымыз», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, 17 қаңтарда өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру іс шараларының нақты алгоритмі қабылданған. Бүгінге дейін ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып, Президент Әкімшілігімен «Жолдауды жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспар» келісілген.

«Аталған құжаттағы шаралар нақты мемлекеттік органдарға бекітілді, қатарында Үкімет басшылығы бар үйлестірушілер айқындалды», - деді С.Ахметов.