Елбасының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімі Конституцияның баяндылығын қамтамасыз етеді және халықтың еркін ескереді

ҚАРАҒАНДЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімі Конституцияның баяндылығын қамтамасыз етіп және халықтың еркін де ескеріп отыр,

Елбасының  мерзімінен бұрын  сайлау өткізу  туралы   шешімі     Конституцияның  баяндылығын   қамтамасыз  етеді  және    халықтың еркін  ескереді

деп санайды «Нұр Отанның» Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары, референдум өткізу жөніндегі республикалық бастамашыл топтың мүшесі Асқар Базарбаев.

«Қалыптасқан саяси коллизия жағдайында соңғы сөзді Елбасы айтып отыр. Президент референдум емес, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Конституцияның баяндылығын қамтамасыз етуге және халықтың еркін де ескеруге мүмкіндік берді», - деді өз ойымен бөліскен А.Базарбаев.