Елбасының ұлықтау рәсіміндегі сөзі Қазақстанның мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне көшкендігін қуаттай түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының ұлықтау рәсіміндегі сөзі Қазақстанның мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне көшкендігін қуаттай түсті. Бұл пікірді Қазіргі заманғы даму институтының директоры Зәуре Алшынбаева білдірді.
«Ұлт көшбасшысы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күні кешегі ұлықтау рәсіміндегі сөзі еліміздің «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы бағытынан таймай мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне көшкендігін қуаттай түсті. Президент саясат, экономика, қоғам, транспоренттілік және ашықтық салаларындағы 5 институционалды реформаны жүзеге асырудың нақты жолдарын көрсетті», - деді ол.
Осы ретте ол ең біріншіден реформалардың жүзеге асырылуына жауапты органның Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанын атап өтті.
«Екіншіден, институционалды реформалардың мазмұны «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспармен нақтыланатын болады», - деді З.Алшынбаева.