Эльдар Бірімбай Моңғолиядағы Азия чемпионатында қола медаль еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Таеквондошы Эльдар Бірімбай Моңғолиядағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы таеквондодан Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жүлдесіне қол жеткізді.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Эльдар Бірімбай қола медаль иеленді.
Азия чемпионатының жартылай финалында Бірімбай ирандық Әмір Бахтияримен кездесті. Иран өкілі жекпе-жекте 2:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Эльдар Бірімбай құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов те үздік үштіктен көрінген болатын.