Елде 1 пайыздық ипотека іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM – Елде «Дипломмен ауылға» 1 пайыздық ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады:
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені (АӨК), мәдениет, спорт салаларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметкерлер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) қатыса алады.
Ол үшін Baspana Market платформасында тіркеліп, өтінімді онлайн толтырып, құжаттарды ЭЦҚ арқылы қол қоясыз.
Бағдарлама не береді:
• көтерме жәрдемақы – бір реттік төлем: 100 АЕК;
• тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін жылдық 1% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие (ЖТСМ – 1%);
• максималды несие сомасы – 2 500 АЕК-ке дейін (елді мекен түріне байланысты);
• несие мерзімі – 15 жылға дейін
Айта кетелік ипотекалық несие мөлшерлемесін төмендететін жаңа әдістеме әзірленетіні туралы жазған едік.