Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елде Абай есімді 19 мыңға жуық адам бар

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады. 

Столичный парк культуры и отдыха
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

10 тамыз – Абай күні аталып өтеді. Осыған орай ұлы ақынның есіміне қатысты қызықты статистиканы ұсынамыз.

Бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады. Бұл есім ең көп таралған өңірлер – Астана қаласы (2 186 адам), Түркістан облысы (2 008 адам) және Алматы қаласы (1 740 адам).

Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы туған. Ал бұл есімді иеленгендердің арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны басым – 3 267 адам.

Абай есімі жаңа туған сәбилерге де жиі қойылады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 91 балаға осы есім берілген.

Қазақстанда Абай есімді 9 әйел тіркелген. Сонымен қатар Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам бар.

Ұлы ақынның есімі еліміздің географиялық атауларында кеңінен көрініс тапқан. Қазіргі таңда Абай есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталады. 

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Абай күнімен құттықтаған еді