Елде тұрғын үй құрылысы 3,6%-ға артты

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,6% өсіп, 6 089,4 млрд теңге болды. 

Елде тұрғын үй құрылысы 3,6%-ға артты
Фото: Kazinform/ЖИ

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 88,6%, шетелдік — 10,6%, мемлекеттік — 0,8% орындалды. 

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өсуі ғимараттарды салу және жөндеу жұмыстарына (20%) байланысты.

2026 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, темір жолдары мен метролар (25,5%), тұрғын емес ғимараттар (21,4%) және тұрғын үйлердің (12,8%) құрылысы алады.

— Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (2,9 есе), Павлодар (41,4%), Атырау (37,3%), Қызылорда (26,9%), Түркістан (23,5%), Қостанай (21,4%), Абай (20,6%), Шығыс Қазақстан (20,4%), Батыс Қазақстан (13,4%) және Маңғыстау облыстарында (13,1%), Алматы (16,7%), Шымкент (13,9%) және Астана (13,4%) қалаларында байқалады, — делінген хабарламада.

2026 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 14 214,7 мың шаршы метр.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,6% көбейіп, 11 326,1 мың шаршы метр болды, олардан 7 500,4 мың шаршы метр — көппәтерлі және 3783,7 мың шаршы метр — жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін — 10 841 мың шаршы метрді немесе 95,7%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3 992,1 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

2026 жылғы қаңтар-тамызда білім беру және денсаулық сақтау саласында 19 620 оқу орнына арналған 36 жалпы білім беретін мектеп, 4 457 орынға арналған 33 мектепке дейінгі ұйым және ауысымда 198 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық ұйым, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орын қосымша пайдалануға берілді. 

Айта кетелік Астанада құрылыс алаңдарында тексеру күшейетіні туралы жазған едік