Елде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік технологиялар қолданыла бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана — Қарағанды — Алматы республикалық маңызы бар автожолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. 

Елде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік технологиялар қолданыла бастады
Фото: видеодан алынған скрин

Аталған жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр және Қарағанды — Балқаш бағыты бойынша 7 аркаға 11 лазерлік құрылғы орнатылды.

Жобаның негізгі мақсаты — боран, тұман және көріну нашарлаған жағдайда жүргізушілердің жолды бағдарлауын жақсарту, рөлде қалғып кету қаупін төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

ІІМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және шаршаған күйде көлік басқармауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қатысушының ортақ жауапкершілігі. 

Айта кетелік Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатындарға жазаның басқа түрін қолдануды ұсынған еді