Елде жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты
АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 979,4 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% артық. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5,1% өсті.
Жолаушылар тасымалының негізгі үлесі дәстүрлі түрде автомобиль көлігіне тиесілі болды. Автомобиль көлігімен 962,7 млн жолаушы тасымалданды. Алты ай ішінде теміржол көлігінің қызметін — 9,2 млн, әуе көлігін — 7,4 млн, теңіз көлігін — 14 мың жолаушы пайдаланған. Жолаушылар тасымалынан түскен кәсіпорындардың кірісі 0,8 млрд теңге.
— Жолаушылар айналымының ең жоғары өсімі Қостанай облысында тіркелді — 62,7%. Сондай-ақ айтарлықтай өсім Алматы қаласында — 22,3%, Ақмола облысында — 20,6% және Шымкент қаласында — 19,2% байқалды. Алматы облысында жолаушылар айналымы 15,8%, Қарағанды облысында — 14,2%, Жетісу облысында — 13,6%, Батыс Қазақстан облысында — 10% өсті. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында өсім 8,9%, Ақтөбе облысында — 4,6%, Абай облысында — 2,3% болды, — делінген хабарламада.
Жүк тасымалында да оң үрдіс сақталды. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша жүк айналымы өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2% артып, 255,8 млрд тонна-километр.
— Жүк айналымының ең жоғары өсімі Жетісу облысында — 16,3% және Абай облысында — 12,2% тіркелді. Қызылорда облысында көрсеткіш 8,7%, Астана қаласында — 8,5%, Ақтөбе облысында — 6,9%, Түркістан облысында — 5,8%, Ақмола облысында — 4,9%, Ұлытау облысында — 4,6%, Шығыс Қазақстан облысында — 2,5% өсті. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында өсім 1,9%-дан, Алматы қаласында — 0,4%, Қостанай облысында — 0,2% болды, — делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.
Айта кетелік ҚазАвтоЖол ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне маңызды ескерту жасаған еді.