Елдегі инфляция: қандай тауарлар мен қызметтер арзандады
АСТАНА. KAZINFORM — Маусымда Қазақстан Республикасында инфляция 0,8% құрады.
Кейбір азық-түлік тауарларының бағасында маусымдық төмендеу байқалғанымен, бағаның айлық динамикасына қызметтердің және азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлері ең көп үлес қосты.
— Бір айдың ішінде жекелеген көкөністер мен тамақ өнімдері арзандады. Мәселен, тәтті бұрыш бағасы — 12,6%, қызылша — 7,8%, жұмыртқа — 3,8%, банан — 3,3%, баялды — 1,7%, қара шай — 1,1%, бидай жармасы мен алма — 0,8%, шоколад пастасы — 0,3% төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың арасында бірқатар ұзақ пайдаланылатын тауар мен медициналық өнімдер бағасының төмендеуі байқалды. Мәселен, шаңсорғыш — 7,2%, үтік — 5,4%, медициналық бетперде — 4,1%, электр шәйнек — 2,9%, модемдер мен роутерлер — 1,5%, ноутбук — 1,2%, парацетамол — 0,8%, қолға арналған крем — 0,6% арзандады, — делінген Статистика хабарламасында.
Ал, ақылы қызметтер арасында ыстық су тарифтері 3,7%, суық су тарифтері 3,2% төмендеді.
— Жылдық мәнде 2026 жылғы маусым айында инфляция 10,3% құрады. Бұл ретте жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша өткен жылмен салыстырғанда бағаның айтарлықтай төмендеуі сақталып отыр. Мәселен, қызылша — 26,9%, қызанақ — 23,8%, қияр — 20,8%, пияз — 15,9%, сарымсақ — 11,9%-ға арзандады.
Ұзақ пайдаланылатын жекелеген азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының төмендеуі жалғасуда. Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда автомобильдер — 9,9%, кондиционерлер — 9,7% арзандады, сондай-ақ жекелеген дәрілік препараттар мен тұрмыстық техника да құнының төмендегенін көрсетіп отыр, — делінген хабарламада.
2025 жылғы маусыммен салыстырғанда суық су тарифтері 40,8% төмендеді.
Айта кетелік Бектенов инфляцияны 10% төмен деңгейде ұстауды тапсырған еді.