Елдегі көліктердің жартысы 20 жылдан бері қолданыста жүр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда автокөліктердің 50%-дан астамы 20 жылдан бері пайдаланылып келеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкімет отырысында мәлімдеді.

Қырғызстан шетелдік нөмірлері бар көліктерді заңдастыруға шақырады
Фото: Kazinform

Оның айтуынша, елдегі автопарктің өсуімен қатар көліктердің тозуы да байқалып отыр.

Техникалық байқау сапасына қатысты да мәселелер бар, өйткені бұл қызмет бәсекелестік ортада жүргізіліп келеді.

– Осы уақыт ішінде 178 мың ақаулы көлікті басқару фактісі (Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 590-бабы, 5 және 7-бөліктері), 102 мың техникалық байқаудан өтпеген көлікті пайдалану жағдайы (590-бап, 9-бөлік) анықталды, – деді Игорь Лепеха.

И. Лепеха ҚР Көлік министрлігіне жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында техникалық байқау станцияларын бақылауды күшейтуді ұсынды. 

Айта кетейік, жыл сайын еліміздің жолдарында 2 мыңнан астам адам жол апатынан қаза тауып, 20 мыңнан астамы жарақат алады.

Сонымен бірге, жолдарды қабылдау комиссияларына полицияны қайта қосу ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар