Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елдегі реформалардың құқықтық базасын қалыптастырған Парламент өзінің кәсібилігін танатты - Р. Мұқашев

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне 15 жыл: қалыптасуы және дамуы» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Елдегі реформалардың құқықтық базасын қалыптастырған Парламент өзінің кәсібилігін танатты - Р. Мұқашев

«Қазақстанда қос палаталы Парламенттің қызметі жалпылама алғанда қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу міндетін шешуге бағытталған. Бүгінгі таңда Парламент еліміздегі азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімнің, саяси тұрақтылықтың нығаюына жердем берген реформалардың құқықтық базасын қалыптастырған орган ретінде өзінің кәсібилігімен танылып отыр», - деді жиын барысында сөз сөйлеген Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев.

Оның айтуынша, Қазақстан Парламенті дамуының маңызды кезеңі 2007 жылы 21 мамырда Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді қамтыған заң қабылданғаннан кейін болды. Депутаттың сөзіне қарағанда, аталған өзгертулер жоғары заң шығарушы органның мәртебесін өсіріп, Парламенттегі депутаттар саны артты. «Конституцияның жаңа ережелері негізінде, 2007 жылғы тамызда ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне өкілдер сайланды. Осының барлығы Қазақстанның саяси жүйесінің одан әрі дамуына септігін тигізіп, қоғамдық өмірдің барлық саласында саяси партиялардың рөлін арттыруға әсер етті», - деді Р. Мұқашев.