Елдегі жер аумағының басым бөлігі атмосфералық ағындардың ықпалында болады, соның салдарынан қар, боран және тұман түседі
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 1 ақпанда еліміздегі жер аумағының басым бөлігі атмосфералық ағындардың ықпалында болады,
соның салдарынан қар, боран және тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысында кейбір жерлерде - тұман, көктайғақ, ал Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Жамбыл, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге барады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын тұрып, желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Қарағанды облысының жекелеген аудандарында түнде - тұман, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кейбір жерде бұрқасын болып, Жарма ауданында желдің күші секундына 17-22 метрге дейін барады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан - 9-14, екпіні секундына 18 метр. Түнде ауа температурасы 13-15, күндіз 7-9 суық.
Алматы қаласында күн бұлтты, аздаған қар жауады. Желдің күші секундына 2-7 метр. Температура түнде 0-2 аяз, күндіз 0-2 жылы.