09:03, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Елді жаңа индустрияландыру міндеттерінің шешімі - әрбір қазақстандықтың ұстанымына байланысты - Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Т.Доскенов
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Елді жаңа индустрияландыру, инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі Елбасы алған қойып отырған үлкен міндеттердің шешімі әрбір қазақстандықтың ұстанымына, ең алдымен, әрбір кәсіпкерге байланысты, деп санайды Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Талғат Доскенов.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бизнес-қауымдастықтың жетекшісі бұл туралы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Қарағандыда «Аймақтардың индустриялық дамуы: мақсаттар мен міндеттер» деген тақырыпта өткен аймақаралық форумда журналистерге айтты.
«Менің ойымша, индустрияландыру жөніндегі міндеттерді әрбір қазақстандықтың күшімен шешу үшін, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тарауларын халыққа түсіндіру жөніндегі идеологиялық жұмыс аса қажет. Дағдарыс - нақты өндірістен гөрі, виртуальдылықтың басым болуының салдары. Бүгінде содан сабақ алып, алға қозғалуымыз, жаңа экономика құруымыз керек», дейді Т.Доскенов мырза.