Елдің батысында ауа райы ашық, қалған өңірлерде - жауындар, тұман, көктайғақ, бұрқасын мен күшті желдер күтілуде
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 15 наурыз күні Қазақстанның батыс аумақтары антициклонның ықпалында болады,
мұнда ашық жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Республиканың қалған өңірлерінде жауын-шашындар, тұман, көктайғақ, бұрқасын мен күшті желдер болжанып отыр.
Атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының жекелеген жерлерінде жауын-шашын молынан түседі. Түнде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр болады деп күтілуде.
Ақмола, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Алматы облысының жекелеген өңірлерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 18-23, Жалаңашкөл аумағында 20-25, кей уақыттары 30 метрге дейін жетуі ықтимал.
Жамбыл облысының кей аумақтарында - тұман, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-20, кей уақыттары 23-28 метрге дейін жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықта соққан желдің күші түнде 23-ке дейін күшейеді.
Қызылорда облысының жекелеген аймақтарында тұман, көктайғақ болады, түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтілуде.
Маңғыстау облысына тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Күндіз Атырау облысының жекелеген аймақтарында жел көтеріледі, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрамақ.
Түнде Ақтөбе облысының кей аумақтарында тұман болжануда.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында сондай-ақ, тұманды болады, күндіз бұрқасындатып, жекелеген өңірлерде көктайғақ пен 15-20 м/с жылдамдықтағы желдер күтілуде.
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде - көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-22, кей уақыттары 25-28 метрге дейін жетеді.