Елдің халықаралық резервтері 9,2 пайызға төмендеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпан айында, тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда 9,2 пайызға азайды. Бұл бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елдің халықаралық резервтерінің азаюы қаңтар-ақпан айларында 10,2 пайыз болды. Ұлттық қордың ұлттық валютадағы активтері «Самұрық-Қазына» ұлтық әл-ауқат қоры» және «ҚазАгро» ұлттық холдингі Ұлттық қордың қоржынына облигацияларды сатып алуы есебінен 621,6 миллиард теңгені құрады. Ұлттық банктің халықаралық резервтерінің өсуі ақша базасының 10,8 пайызға кеңеюіне себепші болды. Ол жыл басынан бері жалпы 53,1 пайызға кеңейіп отыр. Ақша базасының құрылымында «Самұрық-Қазына ҰӘҚ-на берген ақшасы есебінен Ұлттық банктегі коммерциялық банктердің корреспондентік шоттарындағы қалдықтар ұлғайды. Самұрық-Қазына ҰӘҚ-ның Ұлттық банктегі ағымдағы шоттарындағы қалдықтар да ұлғайды. Ақпанда тар ақша базасының 11,1 пайызға кеңеюі іс жүзінде ақша базасының өзгеруіне сәйкес келеді. Себебі екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттері 3 миллиард теңгеге азайды. Ал тар ақша базасының жыл басынан бері кеңеюі 54,9 пайызды құрады.
Соңғы жаңалықтар