Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 11 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады. 

погода, лето, весна, пешеход, ауа райы, жаз, көктем
Фото: Александр Павский / Kazinform

Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады.  Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. 

Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің батысында түнде және таңертең, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда — тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Абай облысының батысында 1-6 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында, Жетісу облысында, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, батысында, шығысында да жоғары өрт қаупі болжанған.

Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс-Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ал Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, бүгін тек бір қалада ауа сапасы төмендейді.