Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, батыста аптап ыстық күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 23-25 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Погода, дождь, Астана
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстан аумағы арқылы жылжып жатқан солтүстік-батыс циклоны елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай алып келеді. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Суық ауа массаларымен толыққан циклон жауын-шашынмен қатар ауа температурасының төмендеуіне де себеп болады.

Ал еліміздің батыс өңірлеріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массасы келе бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, күн күрт ысиды. Күндіз ауа температурасы 34–39 градусқа, ал жекелеген аудандарда 40–44 градусқа дейін көтеріледі.

Айта кетелік 500-ге тарта сел қаупі бар учаске бақылауға алынған еді.