Елдің басым бөлігінде жауын жауады
АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райына байланысты ел бойынша бүгінгі күнге ескерту жарияланды.
Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай болып, екпінді жел болады 15–20 м/с дейін.
Алматы, Жетісу, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының кейбір аудандарында нөсер жауын жауып, найзағай болып, бұршақ және дауыл күтіледі.
Батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +35…+42 °C дейін көтерілетін қатты ыстық күтіледі. Бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.