Елдің шығысы мен оңтүстігіндегі су қоймаларында су деңгейі 80 пайыздан асқан

АСТАНА. KAZINFORM – Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында елдегі су қоймаларының тасқын маусымына дайындығы туралы мәлімет берді.

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қалай
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

- Жалпы, еліміздің солтүстігіндегі ірі су қоймалары орта есеппен 81%-ға, оңтүстігінде – 83%-ға, батысында – 59%-ға, шығысында - 84%-ға және орталығында 79%-ға толы. Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған, - деді ол.

Айтуныша, «Қазсушар» және бассейндік инспекциялардың мамандары күн сайын Tasqyn ақпараттық жүйесіне су қоймаларындағы су деңгейі бойынша деректерді енгізіп отыр.

- Осы және басқа да мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтер негізінде су тасқынын модельдеу жүргізіліп жатыр, - деді министрліктің ресми өкілі. 

Бұған дейін ведомство Қазақстан көрші елдермен тасқын қаупі туралы қалай мәлімет алмасатынын түсіндірген болатын

Соңғы жаңалықтар