Электр энергиясына қарызы бар алматылықтар жарықтан ажыратылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алматыда электр энергиясы үшін берешекті өндіріп алу бойынша жұмысты күшейтпек.

Электр энергиясына қарызы бар алматылықтар жарықтан ажыратылады
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Компаниядан атап өткендей, осы жылдың 12 мамырынан «АЖК» – «ЭнергоСбыт» АҚ филиалы берешегі бар тұтынушыларға қатысты электрмен жабдықтауды шектеу шараларын кезең кезеңімен енгізуді бастайды.

– Іс-шаралар күн сайын сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі және тек қарызы бар мекенжайларға әсер етеді. Электрмен жабдықтау қарызды толық төлегенге дейін уақытша тоқтатылады. Борышкерлермен өзара іс-қимыл мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) және тұрғын үй кооперативтері арқылы жүзеге асырылады, бұл адал тұтынушылар үшін қолайсыздықты барынша азайтуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

АЖК электр энергиясын беруді уақытша шектеу шарт талаптарын бұзатын тұтынушыларға қатысты ең тиімді шаралардың бірі екенін атап өтті.

Уақтылы есептемеу дебиторлық берешектің өсуіне әкеледі.

Қазір Алматыда тұтынушылардың электр энергиясы бойынша қарызы 1,2 млрд теңге.

Абоненттерге берешектің бар-жоғын алдын ала тексеріп, ақпаратты нақтылау үшін өз МИБ-теріне немесе 356-99-99 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына тікелей жүгіну ұсынылады.

Осыған дейін елде электр жарығының шекті тарифі өзгеруі мүмкін екені туралы жазған едік

Еске салайық, бұған дейін Алматыда электр энергиясының бағасы өскен болатын

Соңғы жаңалықтар