Электр энергиясы мен су, жылу жүйелерін жаңарту жақсы нәтиже бере бастады - Алматы қаласы әкімінің орынбасары

АЛМАТЫ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда соңғы 3 жылда жүргізілген электр энергиясы мен су, жылу жүйелерін дамыту бағытындағы өзгерістер жақсы нәтиже бере бастады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Ербол Шорманов айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, жаңа өзгерістер өткен жылы электр энергиясын 5, суды 28, жылуды 12 пайызға үнемдеуге мүмкіндік берген. Бұнымен қатар аталған салаларда апаттық жағдайлар азайып, «Алматы су» компаниясының қаржылық әлеуеті ұлғайған. Қазіргі уақытта компанияның су құбырларын жөндеуге өз қаржысынан 3 миллиард теңге салуға мүмкіндігі бар. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда электр энергиясы мен су бойынша сараланған тариф енгізіліп, есептеуге арнайы құралдар орнату, жылу мен су құбырларын жаңарту сынды өзгерістер жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар