«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі уақытша жұмыс істемейді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің уақытша жұмыс істемейтінін ескертті.

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі
Фото: pixabay

-Құрметті салық төлеушілер! ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 қарашада сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!,-делінген комитет таратқан ақпаратта.

Осыған дейін электронды үкімет платформасына жасанды интеллект технологиясы енгізілетіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар