15:23, 22 Қараша 2011 | GMT +5
«Электрондық үкімет» порталының жаңа қызмет көрсету сервистері таныстырылды
ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Байланыс және ақпарат министрлігінде «электрондық үкімет» порталының жаңа қызмет көрсету сервистері таныстырылды.

Атап айтқанда, енді «Коммуналдық қызметтерді төлеу», «Халыққа қызмет көрсету орталығында онлайын режимде кезекке тұру», «Фото-бейне бақылау жүйелерімен анықталған жол қозғалысындағы заң бұзушылықтар туралы мәліметтер алу» қызметтерін пайдалану мүмкіндігі жасалды. Жол қозғалысындағы мәліметтерден ақпарат алу қызметін Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Ақтау, Өскемен, Орал, Қостанай, Қарағанды, Семей, Тараз қалаларындағы көлік иелері пайдалана алады. Интернет желісі арқылы жол ережесі талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл төлеу мүмкіндігі биылдың соңына дейін қолжетімді болады.