«Электрондық үкіметке» БҰҰ-ның бүкіләлемдік зерттеуінде Қазақстан 46-шы орын алды

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Электрондық үкіметке» БҰҰ-ның бүкіләлемдік зерттеуінде Қазақстан 182 елдің ішінде 2008-2010 жылдары 81-ші орыннан 46-шы орынға көтерілді. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Software Enginering Summit-2010» бірінші Халықаралық орталықазиялық конференциясында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталықазиялық халықаралық телекоммуникация мен ақпараттық технологиялар көрмесі аясында өткен бұл конференцияның алғашқы мәжілісі «Көшбасшылық, ұйымдастыру мәдениеті, жобаларды басқару және ғаламдық өзгеріс дәуірінде ақпараттық коммуникациялық технология саласындағы тәуекелдер» деген тақырыпта өтті. Онда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Алматы филиалының директоры Фарида Ақшолақова Қазақстандағы «электрондық үкіметті» дамытудың қорытындыларын баяндаған кезде елдің әлемдік рейтингтердегі ұстанымдарымен таныстырды.

«Электрондық үкіметке» БҰҰ-ның бүкіләлемдік зерттеуінде Қазақстан 2008-2010 жылдары электрондық қызмет индексі бойынша 95-тен 24-ке, телекоммуникациялық инфрақұрылымдар индексінде 106-дан 91-ге, электрондық қатысу индексінде 71-ден 18-ші орынға көтеріліп, адам капиталы индексінде 16-дан 22-ші сатыға төмендеді. Халықаралық электробайланыс одағының рейтингінде 154 елдің ішінен 2008 жылғы 69-шы орынды сақтап қалды», дейді Фарида Амантайқызы. Оның айтуынша, «Экономист» журналының рейтингінде 70 елдің арасында 2008 жылғы - 66 орыннан былтыр 3 сатыға төмендеп, ұстанымын біршама әлсіретіп алды. Сондай-ақ Бүкіләлемдік экономикалық форумның «Ақпараттық технология жөніндегі ғаламдық есебінде» 134 елдің ішінде де алдыңғы жылғы 71-ші сатыдан былтыр 2 сатыға төмендеп 73-ші орынға табан тіреді. Ал олардың биылғы жылғы есептері әлі жарияланбағандықтан, еліміздің қазіргі таңдағы рейтингі әзірге белгісіз болып отыр.

Соңғы жаңалықтар