Елена Рыбакина Торонто турнирінің төртінші айналымына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы, америкалық Энн Лимен шеберлік байқасты.
Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді.
Бірінші сетте Елена бірден 2:0, 4:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін америкалық теннисші есепті қысқартқанымен, Рыбакина дегеніне жетті — 6:2.
Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Ли брейк жасай білді — 5:3. Дегенмен бұдан кейін Елена қатарынан төрт геймді алды — 7:5.
Бір сағат 28 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Ли 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 55-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсонова немесе рейтингіде 75-орындағы аустралиялық Майя Джойнттың қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Испаниядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік.