Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 154-орындағы франциялық Лоис Буассонмен кездесті.
Бұл қос спортшының өзара бірінші ойыны еді.
Елена матчты сәтті бастады - 6:4.
Екінші сетте франциялық теннисші есе қайырды - 6:1.
Үшінші, шешуші партияда Рыбакина жеңісті жұлып алды - 6:3.
Тартысты бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды.
Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін румыниялық Елена-Габриэла Рузе немесе америкалық Кэти Макналлидің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінің қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз басталғанын жазған едік.