Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елена Рыбакина үзілістен кейінгі алғашқы турниріне дайындықты бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канадаға барып, Торонтода өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге дайындықты бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Елена Рыбакина үзілістен кейінгі алғашқы турниріне дайындықты бастады
Фото: ҚТФ

Теннисші Instagram Stories парақшасында корттағы жаттығу сәттерінен фото жариялап, оған «Сәлем, Торонто!» деген жазба қалдырған.

Елена Рыбакина үзілістен кейінгі алғашқы турниріне дайындықты бастады
Фото: Instagram / Lenarybakina

Канададағы жарыс Рыбакина үшін үзілістен кейінгі алғашқы ресми турнир болмақ. Матчтар 2–13 тамыз аралығында ашық хард корттарында өтеді. Қазақстандық теннисші турнирге қатысушылар тізіміне ресми түрде енгізілген.

Турнирдің жүлде қоры — 7 433 076 доллар. Торонтода әлемнің жетекші теннисшілері бас қосады. Бұл жарыс олардың US Open — 2026 турниріне дайындығындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Еске сала кетейік, Рыбакина соңғы ресми кездесуін 2026 жылғы 4 шілдеде Уимблдон турнирінде өткізген. Үшінші айналымда ол бельгиялық Элизе Мертенс қарсыласына 6:7 (4:7), 1:6 есебімен жол берген.

Бұған дейін Елена Рыбакина қай турнирлерде бақ сынайтыны белгілі болды.