Елена Рыбакина WTA финалдық турниріне жолдама алған соң, үндеу жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемнің жетінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2025 жылғы WTA финалдық турниріне жолдама алып, жарыс қарсаңында жанкүйерлеріне арнаған бейнеүндеуін жариялады.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

– Баршаңызға сәлем! Мен жаңа ғана WTA финалдық турниріне жолдама алдым. Бізді қолдауға келіңіздер. Бұл жарыста өнер көрсету сәтін асыға күтіп жүрмін, – деді спортшы бейнероликте.

Финалдық турнир 1-8 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.

Қазақстандық теннисші жарысқа қатысу құқығын Токио қаласында өткен WTA-500 турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін иеленді. Осы нәтижесінің арқасында Рыбакина іріктеу рейтингінде сегізінші орын алып, 18 жастағы ресейлік Мирра Андрееваны артта қалдырды.

Соңғы жаңалықтар