Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды

WTA Live рейтингісінде қазірдің өзінде Е.Рыбакина 10-орыннан 8-сатыға көтерілді.
Қазақстандық теннисші өзінің алдында тұрған швейцариялық Белинда Бенчич пен грекиялық Мария Саккариді басып озды.
М.Саккари Индиан-Уэллс жарысының жартылай финалында белоруссиялық Арина Соболенкодан жеңіліп қалған болатын.
Өткен жылғы додада финалға дейін жеткен М.Саккари осылайша ұпайларын жоғалтты.
Егер Елена Рыбакина жексенбі күні финалда А.Соболенконы ұтса, онда рейтингте 7-орынға шығады. Қай саты да Е.Рыбакина үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Елена Рыбакинаның алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті.
Елена Рыбакина ойнайтын Индиан Уэллс турнирінің финалы тарихта қалады.